Қаріп өлшемі: A A A
Сурет:
Қосу Өшіру

Колледжге күндізгі және сырттай оқу нысанына жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің 9 және 11-сыныптарының түлектері қабылданады.

Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған Конкурс Білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

 

Бағалардың жиынтық балы қалыптасады:

негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан;
        жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (11– сынып) - төрт пән бойынша: міндетті пәндер (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан.

Колледждегі оқу мерзімі мамандыққа байланысты.
Колледжде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу бойынша кең бағдарлама өткізіледі, бұл жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.

Колледжде оқу мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша және ақылы негізде жүргізіледі.

 

Оқуға түсу кезінде сізден келесі құжаттарды ұсынуыңызды сұраймыз:

1. Білімі туралы құжат (түпнұсқа);

2.Таңдаған мамандығы көрсетілген өтініш;

3.№075у медициналық анықтама, бал.№063 Н. егу туралы карта, денсаулық паспорты, флюорография суреті;

4. 3х4 өлшеміндегі фотосуреттер-6 дана;

5. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірмесі);

6. Талапкердің ЖСН (көшірмесі).